Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, экс-министрдің мүлкі тәркіленді.
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді, — деді Данияр Бигайдаров.
Сондай-ақ ол тергеу «құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, қылмыстың істің мән-жайы жариялауға жатпайтынын ескертті.
Еске сала кетсек, экс-министр мен оның сыбайластарына қатысты аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары наурызда аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.