Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Агенттік бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Биыл 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, – деді Данияр Бигайдаров.
Еске сала кетсек, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Антикордың мәліметінше, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдаған.