$ 462.91
 542.16
 6.16

«Денеміздің әр жеріне ине қадалған»: Айгүл Иманбаева өзін дуаламақ болғандар туралы айтты

Редактор
04.05.2026, 16:24
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Оның айтуынша, бұл жағдайдан кейін олар арнайы іздеу жұмыстарын бастаған.

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева күтпеген жайтты баяндап, жұртты шошытты. Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жағдай кафелердің біріндегі әйелдер дәретханасында болған. Айтуынша, бөлме ішінде орналасқан кішкентай есік өздігінен ашыла берген.

«Соны жауып тастауды өтіндім. Ішінде қоқыс жоқ па екен деп жарық жағып қарағанымда, бума-бума қағаз таптым. Алып қарасам, ұлым екеуміздің суретіміз. Барлық жерімізге ине қадалған. Асқазан, жүрек, қуық жақтың барлығына ине тығып қойған. Екеуміздің арамызды жақсылап бөліп тастаған. Мен ондайды тек кинодан көргенмін», – дейді әнші.

Оның айтуынша, бұл жағдайдан кейін олар арнайы іздеу жұмыстарын бастаған.

«Сосын іздей бастадық. Айнаның артынан, канализацияның трубасынан барлық жерден 300-ге жуық сурет таптық. Содан жұмыстан кейін іздеуді әдетке айналдырдық. Ине, түйреуіш, топырақ, қасық, қан, шаш сияқты түрлі нәрселер таптық. Жұмыс жүрмейді, түгел минусқа кеттік», – деп бөлісті Айгүл Иманбаева.