Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) ресми X парақшасында қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевқа арналған жазба жарияланып, оның «Челси» сапындағы алғашқы ойыны жоғары бағаланды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz
Еске сала кетейік, Лондон клубы маусым алдындағы жолдастық кездесуде Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасын 6:4 есебімен жеңді. Бұл матчта есепті ашқан 17 жастағы Дастан Сәтпаев болды.
«Бұл ерекше талантты жас футболшы «Челсидің» маусымалды дайындық кезеңінде-ақ өз шеберлігін көрсете бастады», – деп жазды АПЛ-дің ресми парақшасы.
Сонымен қатар, Премьер-лиганың баспасөз қызметі Сәтпаевтың дебюттік кездесуі мен алғашқы голына арнайы тоқталды. Онда қазақ шабуылшысының «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына соққан добының видеосы «Челсидің» Instagram желісінде миллионға жуық лайк жинағаны айтылған.
АПЛ өкілдері сондай-ақ Қазақстанда жас кезінен-ақ үлкен үміт артылған шабуылшыға «Қайрат» клубының «Челсиге» мерзімінен бұрын қосылуына рұқсат бергенін атап өтті.
«Сәтпаев сейсенбі күні Аустралияда өткен жолдастық матчтың жетінші минутында болашақ командасын алға шығарды. Нәтижесінде «Челси» тартысқа толы кездесуде «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңді», – делінген АПЛ жариялаған жазбада.
