$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

«Бұл – аса күрделі жағдай»: Тоқаев екі ірі компания басшысының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
13.11.2026, 15:01
Ақорда
Ақорда
Мемлекет басшысы тергеу жұмыстары енді басталғанын және заң бойынша оның мән-жайын жария етуге болмайтынын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Президент аталған жағдайды мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің қаншалықты күрделі екенін көрсететін оқиға деп бағалады.

«Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тергеу жұмыстары енді басталғанын және заң бойынша оның мән-жайын жария етуге болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар Президент бұл істің «Заң мен Тәртіп» қағидаты Конституцияда бекітілгеннен кейін біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс екенін айтты. Тоқаев 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген Конституцияның маңызын ерекше атап өтті.

«Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ», – деді Президент.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғаны туралы ақпарат бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында тараған болатын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау