«13» қарашада сағат 9.00 мен 18.00 аралығында Елордадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС жағдайында (шоссе Қарқаралы, 15) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Шараның мақсаты – құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.
Оқу-жаттығу аясында «Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз.