Әлем

«Біз Ресейге өте қатты ренжуліміз»: Трамп Путинге 50 күн берді

11:30, 15 шілде 2025 34

АҚШ Ресейге қарсы жаңа экономикалық қысым жасауға дайын, деп жазады ТАСС. Ақ үй басшысы егер алдағы 50 күн ішінде Украина мәселесіне байланысты Вашингтон мен Мәскеу ортақ мәмілеге келе алмаса, Ресей мен оның сауда серіктеріне 100 пайыз баж салығы енгізілетінін айтты.

Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде мәлімдеді.

"Біз Ресей тарапына өте-өте ренжуліміз. Егер 50 күннің ішінде келісімге қол жеткізілмесе, 100 пайыздық өте қатаң баж салығын енгіземіз. Бұл – қосалқы санкциялар деуге де болады", – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол 2 ай бұрын келісімге келеміз деп үміттенгенін, алайда жағдайдың сол күйі шешілмегенін атап өтті.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз