Қоғам

Бас мүфтидің тойға баруы орынды іс: Мүфтият журналистің сынына жауап берді

12:57, 12 маусым 2025 53

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы журналистің сынына жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

ҚМДБ ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі жазбасында имамдардың онсызда қайғының бел ортасында жүретінін айтты. Оның сөзінше, елдегі қайғылы оқиғалар діни қызметкерлерді бей-жай қалдырмаған. 

Бес бүлдіршіннің қазасына бәріміздің ет жүрегіміз езілді. Қос аяғынан айырылған қыздың да тағдырына қатты алаңдадық. Діни басқарма бұл оқиғалардан тағы да тыс қалған жоқ. Имамдар қоғам алдындағы міндетін ешкімге жарияламай-ақ атқарып жатыр. Өмір тек қайғыдан тұрмайды. Бас мүфтидің қаралы жиында ғана емес, қуанышты басқосуларда да төбе көрсетіп, бата беруі орынды іс!!, - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы. 

Бұған дейін белгілі журналист Диас Нұрақын Майғазиевтер шаңырағындағы тойда бата берген Бас Мүфтиді сынға алған болатын.

БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!, — деп сынға алды журналист Диас Нұрақын. 

Еске салайық, кеше Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы болды. Кеш тікелей эфирден көрсетілді. Оны көру құқығын жұрт 1380 теңгеге сатып алды.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз