Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Айта кетсек, Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмадабадтан Лондонға бағыт алған рейс кезінде ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бортта 232 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған болуы мүмкін.