Әлеуметтік желілерде діндар саясаткер Бекболат Тілеуханның кезекті видеосы кеңінен тарап, жұрт назарын аударды, деп жазады bairaqmedia.kz.
Кадрдан оның салтанатты түрде көліктен түсіп, қарсы алған топқа беттеп бара жатқаны байқалады.
Аталған бейнежазбаға байланысты желі қолданушылары әртүрлі ой-пікір қалдыруда.
«Қазақ байыса қатын алады», «Қаңтарда қашып кетіп еді, енді елге оралған ба?», «тоқалының көзі жас жігіттерде», «бұлар нағыз ұлт жаулары» деген сыңайдағы сыни пікірлер де бар.
Желі қолданушыларының басым бөлігі бейнероликке наразылықпен қараған.