Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзова былтыр суррогат аналардың көмегімен дүниеге келген қос қызы Алиса және Алманың тұсаукесер тойын ерекше стильде өткізді, деп жазады bairaqmedia.kz.
Тойдың ерекшелігі сол, той «Қазақ ертегілері» тематикасында ұйымдастырылған. Той иелері де, қонақтар да қазақ фольклоры кейіпкерлері стиліндегі дресс-кодты сақтаған. Ал залдағы безендіру қазақы нақышта ойластырылған.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қарағанда бүлдіршіндердің тұсауын Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай кескен. Ал тұсаукесер рәсімін әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнімен сүйемелдеген.
«Бақытты болыңдар, балақайлар. Мен сендерді жақсы көремін!», - деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында.
Елге танымал жұпты желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр.
«Қадамдары оң, жолдары ашық болсын!», «Айсәуле мен Аша сияқты ақылды қыз болып өссін!», «Құлыншақтар ақылды, көрікті қыз болсын!», «Басқан қадамы құтты болсын! Болашақтары жарқын болсын! Көркем мінезді қыз болсын!», - деп жазып жатыр олар.