"Қазгидромет" РМК 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Дүйсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс өңірлерде қатты жауын-шашын, сондай-ақ бұршақ пен дауыл күтіледі.
Батыс антициклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен батыста, шығыста және оңтүстікте жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады, ал солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, – делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.
Күндіз қатты ыстық Ақтөбе облысында +36°С, ал Маңғыстау облысында +38°С дейін жетеді деп болжанып отыр.