Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында болған төбелестің видеосы тарады. Кадрларда ондаған ер адамның арасында жанжал туындап, соңы жұдырықтасуға ұласқаны анық көрінеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 16 тамыз күні орын алған. Дегенмен бейнежазба әлеуметтік желіге тек қазір тарап отыр.
Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шымкент ПД.