2024 жылдың қазан айында үйі өртенген Шерзат Полаттың отбасы демеушінің көмегімен жаңа үйге қол жеткізбек, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Қаржаубайдың отбасында енді тек қуаныш болсын! Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Міне, батыр. Десе де халық өз батырын білуі керек. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді.
Мен үшін уәде - ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес міндеттеме, ал міндеттемеден біржақты бас тартуға жол берілмейді. Ол соттағы жауапкершілік», – деді отбасының адвокаты Мейіржан Шекеев.
Адвокаттың айтуынша, үйге әлі де керек-жарақ заттар көп. Оқырмандар да демеушілерге алғыстарын жаудырып жатыр. Тіпті пікір білдірушілер арасында «Қаржаубайдың үйінің перделерін біз тігіп берейік» деп ұсыныс айтқандар да бар.
Үйді толықтай 15 қазанға дейін салып бітіруге уәде етілді.