Батыс Қазақстан облысында 6 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
22 тамыз күні кешкісін аудандық полицияға баласын таппай қалған тұрғын арызданған. Анасының айтуынша, қызы дүкенге танысының қасында кеткеннен кейін үйге қайтпаған.
Полиция барлық күшті жұмылдырып, жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 23 тамызда 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұрын ұрлық үшін сотталып, екі жыл бұрын түрмеден шыққаны белгілі болды.
Қыз бала ауыл шетіндегі орман белдеуінен табылды. Дәрігерлер оның жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын растады. Қазіргі таңда қызға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.