Әнші Қайрат Нұртастың інісі желіде сүйінші жаңалығын жариялады. Ол жұбайы екеуі тұңғыш сәбиін күтіп жүр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ. Аллаға шүкір, біздің кішкентай ғажайып жолда", - деп жазды ерлі-зайыпты.
"Қандай тамаша жаңалық", "Қымбаттыларым, құтты болсын", "Индираның жолы жеңіл екен, келін боп үйге келіп еді, Жұлдыз (Қайрат Нұртастың жары – ред.) сәбиін дүниеге әкелді", "Кеше ғана біреулер "әйелің неге тумай жүр" деп жазып еді, енді аузы жабылды", - деп пікір қалдырды желідегілер.