Шоу-бизнес әлемі

«Түрі қорқынышты»: Бетіне ота жасатқан Роза Рымбаева сынға ұшырады (ВИДЕО)

09:05, 25 тамыз 2025 786

Пластикалық ота жасатқан Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева сынға ұшырады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әнші бір сұхбатында:
«Мен пластикалық отаға тәуелді емеспін, бірақ онсыз да болмайды. Ең бастысы – оны көпшілік байқамауы керек», – деген болатын.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір бөлігі өнер иесінің жасына сай күтініп, өзін жас әрі сұлу ұстауға тырысқанын құптаса, енді біреулер жасанды сұлулыққа жүгінгенін сынады.

"Түрі аурушаң адам сияқты болып қалыпты", "Түрі қорқынышты", "Басында ақылы жоқ", "Пластикалық хирургтан жолы болмаған екен", "Бетіне не болған, масқара", "Сәтсіз ота түрін құртыпты, бұрын әп-әдемі еді", "Беті ботекстен не болып кеткен", - деп жазды олар. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз