Аймақ

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей Құрманғазы туралы сөздері үшін халықтан кешірім сұрады

14:41, 13 ақпан 2026 19

Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы үш-төрт жыл бұрын айтылған сөзі дау тудырған танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әзілкештің жазбасында:

«Құрманғазы бабамыздың аруағын қорлау ниетім болған жоқ. Бұйыртса жақын арада бабамыздың басына барып, Құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын», – делінген.

Орал қаласындағы Құрманғазының ұрпақтары актердің сөздері үшін жауапқа тартуды талап еткен болатын. Қайрат Әділгерей бұл жағдайға түсініктеме беріп:

«Бұл 3-4 жыл бұрын подкастта айтылған әңгіме. Мен өз қателігімді мойындаймын. Оралдық ақсақалдардың талабын орындап, бабамыздың басына барып Құран бағыштап қайтамын», – деді.

Желі қолданушылары актердің кешірімін қолдаса, кейбірі аңдамай сөйлегенде осындай жағдай болуы мүмкін екенін ескертті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз