Қоғам

"Зорладың, арыз жазамын": бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды

12:00, 13 ақпан 2026 22

Жетісу облысында интернет-таныстық арқылы бопсалаумен айналысқан Талдықорған қаласының 9 тұрғыны сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
 
Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым көрсетіп, бопсалаумен айналысқан.
 
"Қылмыстық топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңір аумағында азаматтарды бопсалаумен айналысқан. Олар әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды өз үйіне шақырған", - дейді прокуратура.
Жәбірленушілерді жалған түрде "зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз" деп қорқытқан.
 
"Мәселені реттеу" үшін олардан ірі көлемде ақша талап еткен. Азаматтар қатты қысымға ұшыраған", - дейді жетісулық прокуратура.
30 қаңтарда Талдықорған қалалық сотында үкім шықты. Сотталушылар Қылмыстық еодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз