"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында негізгі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу нәтижелері талқыланды. Жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі инновациялық шешімдер таныстырылып, қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға арналған өндірістік инфрақұрылым нысаны ашылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Жұмыс сапары барысында компания төрағасы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Мұнда тараптар сандық инфрақұрылымды дамыту және аймақтағы тұрғындардың өмір сапасы мен кәсіп жағдайына әсер етіп отырған жобалар талқыланды.

Басты назар мемлекет басшысының ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға аударылды. "Қазақтелеком" Қызылорда облысында 737 шақырымнан астам талшықты-оптикалық желілерін тартқан. Қазіргі таңда компанияның өңірдегі үлесі 73%-ға жетіп, 63 мыңнан астам үй шаруашылығына және 3 мыңнан астам бизнес пен мемлекеттік ұйымдарға жоғары жылдамдықты интернет қызметін ұсына алады. 70-тен астам ауыл арасында жоба 26 елді-мекенде іске асырылған. Ал 2026 жылы тағы 18 ауыл аймақта инфрақұрылым құрылмақ.
"Цифрландыру сенімді инфрақұрылымнан басталады. "Ауылға интернет" жобасы – біздің басты басымдық. Ол сандық теңсіздіктерді азайтуға бағытталған. Біз шалғайдағы мектептерді, ауруханаларды және шағын кәсіпорындарды интернетке қосып, өңірлік экономиканың дамуына негіз жасаймыз", – деді компанияның басқарма төрағасы.
Инновациялар: AI MEKTEP пен Smart City
Технологиядағы жетістіктерді таныстыру кезінде AI MEKTEP жобасының мүмкіндіктері де көрсетілді. Бұл жүйе машиналық көру алгоритмдері мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, өңірдегі мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу процесін бақылау үшін енгізілуде. Жасанды интеллект оқушылардың белсенділігін талдап, тәртіп пен сабаққа қатысуын қадағалайды. Сондай-ақ қауіпсіздік датчиктерімен (түтін, шу детекторлары және дабыл түймелері сияқты) біріктіріледі.

Білім беру саласынан бөлек, "Қазақтелеком" технологиялары агроөнеркәсіптік кешенде және логистикада (жасанды интеллект арқылы қойма қорларын бақылау) белсенді қолданыста. Бұл өңірдің цифрлық трансформациясына үлес қосады.
Сонымен қатар, биыл және келесі жылдың басында өңірде 20 мыңнан астам үйді интернетке қосу жоспарланған.
"Аудан әкіміне конструктивті диалог пен цифрлық бастамаларды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бірлескен жұмыс өңірді дамытуды жеделдетіп, заманауи технологияларды әрбір тұрғынға қолжетімді етеді деп сенемін", – деді Бағдат Мусин.
Адамдарға қамқорлық: Жұмыс жағдайларының жаңа стандарттары
Бағдарламаның маңызды бөлігі Қызылорда облыстық телекоммуникациялар басқармасына жұмыс сапары болды. Онда толық жаңартылған техникалық қызмет бөлмесі ашылды. Жаңа бөлме заманауи талаптарға сай жобаланған:
-Ауысымда жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы демалыс аймақтар;
-Заманауи душ және дәретханалар;
-Техникалық құжаттарды дайындауға арналған эргономикалық жұмыс орындары бар.

"Біз сандық жүйелердің адамдарға – кәсіби мамандарға тәуелді екенін түсінеміз. Қызметкерлеріміз қандай ауа райы болмасын, қиын жағдайларда да азаматтарымызды үздіксіз байланыспен қамтамасыз етіп жүр. Монтерлерге жайлы және лайықты жұмыс жағдайын жасау – жай жөндеу өткізу емес, олардың еңбегіне құрмет көрсету", – деп атап өтті басқарма төрағасы филиал қызметкерлерімен кездесуде.
Сапар барысында Бағдат Мусин бірнеше өндірістік нысанды аралады. Атап айтқанда, байланыс бағаналарын ауыстыратын учаскелерге барды. Сондай-ақ ол абоненттерді мыс сым инфрақұрылымынан оптикалық талшықты желілерге ауыстыру процесімен танысты. Бұл бойынша шамамен 20 мың қосылым жоспарланған. Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңарту мен энергияны тиімді пайдалану бойынша техникалық шешімдер қаралды. Тексеру кезінде өңірлік деректерді өңдеу орталығын жасау және бар қуатты кеңейту мүмкіндігі анықталды. Бұл орталық 50 серверлік тіреуішке дейін жұмыс істей алады, жалпы қуаты 1 МВт.
Аймақтың болашағы
Сапарды қорытындылай келе, Кызылорда облысы цифрлық өзгерістерге тез бейімделіп келе жатқаны атап өтілді. "Қазақтелеком" компаниясы сапалы қызмет көрсету мен қызметкерлерді қолдауға басымдық бере отырып, Smart City жобаларын кеңейтуді және 5G желісін дамыту жұмыстарын жалғастыра береді.
