Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай алдағы Наурыз мерекесіне орай ұлттық рухты насихаттау мақсатында арнайы акция туралы хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, «Аламан» компаниясы ұлына Кенесары деп ат қойылған алғашқы он сәбиге 400 мың теңгеден жөргекпұл беруді жоспарлап отыр.
Жылқышыбайдың сөзінше, сыйлық алу үшін ата-аналар баланың туу туралы куәлігін көрсетілген WhatsApp нөміріне жолдауы тиіс. Акция тек наурыз айында дүниеге келетін сәбилерге ғана қатысты.
Журналист Кенесары есімінің әр қазақ үшін аяулы әрі ардақты екенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл есім азаттық жолында опат болған қаһарман, орыс империясына қарсы тұрған батыр Кенесарыны жаңғыртудың символы болып табылады.
Компания өкілдерінің байланыс нөмірге: 8771 236 77 04