Қоғам

«Ауызым қанға толды»: Бойжеткен донерден әйнектің сынығын тауып алған

03:00, 25 тамыз 2025 98

Қазақстандық бойжеткен Threads әлеуметтік желісінде Mangal doner танымал асханасынан алынған донерден әйнектің сынығын тауып, ауыз қуысы қанап қалғанын айтты, деп жазады bairaqmedia.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, ол Glovo жеткізу сервисі арқылы донерге тапсырыс берген. Оқиғаның мән-жайын білген соң сервис оған тамақтың ақшасын қайтарып, дәмханаға жаза қолданылатынын мәлімдеген.

«Түнгі 4.00-те жұмыстан кейін шаршап, қарным ашып, әдеттегідей донерге тапсырыс бердім.  Рахаттана енді жей бергенім сол еді, кенет тісім қатты бірдеңеге тиіп,соңынан аузыма қанның дәмі келді. Шығарып қарасам — әйнек! Қызмет көрсету — 0-ден 0. Ал Glovo не деп жауап берді дейсіз», — деп жазды  @nuraaiiina атты қолданушы.

Қыз оператормен жазысқан хабарламалардың скриншоттарын қоса жариялаған. Ол әйнек кесіп кеткендіктен аузын қатты жарақаттап алғанын айтып, Mangal doner дәмханасын жазалауды талап еткен.

Glovo операторы оған донердің ақшасын қайтарып, оқиға зерттелген соң мекемеге айыппұл салынатынын уәде еткен. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз