Аймақ

Аустарлиялық әдіс: Арыста ірі қараны жаңа тәсілмен бордақылауға көшпек

11:45, 01 ақпан 2025 6

Түркістан облысы Арыс қаласында аустралиялық әдіс бойынша 50 мың басқа арналған ірі қараны бордақылау алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады.

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде бордақылау алаңына 15 мың бас, биыл тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Сондай-ақ серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4 710 гектар алқапта суарудың жаңбырлату технологияларын қолдана отырып, малға арналған жемшөп дақылдарын өсіруді жолға қоюда. Ол үшін, әлемге әйгілі ауылшаруашылық техникасын шығарушы «John Deere» компаниясының өнімдерін сатып алуда. Бұл қадам мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматты жүйеде іске асырылады, – делінген хабарламада.

Жобаның жалпы құны 16,2 млрд теңге және де 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз