$ 471.98
 543.39
 5.82

«Аурумен арпалысып жүр»: Думан Рамазан Жүрсін Ерманды сынамауға шақырды

Редактор
05.08.2026, 13:19
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Жазушы Жүрсін Ерманның бүгінде денсаулығы сыр бергенін айтты

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікірлер көбейген тұста жазушы, драматург Думан Рамазан көпшілікті сабыр сақтауға үндеді, деп хабарлды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Tizgin.kz жазды. Думан Рамазанның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Жүрсін Ерманның атына айтылып жатқан орынсыз сындар жиілеп кеткен.

«Жүрсін Ерман туралы әңгімені тоқтатсақ қайтеді? Соңғы кездері әлеуметтік желіде ағамызға қатысты сан алуан пікірлерді жиі көріп жүрмін. Әрине, бұл дүниеде мінсіз адам жоқ, әркімнің өз қателігі болуы мүмкін. Бірақ қазақта Жүрсін Ермандай тұлға біреу ғана», – деді ол.

Жазушы Жүрсін Ерманның бүгінде денсаулығы сыр беріп, ауыр дертпен күресіп жүргенін де еске салды.

«Қазір оның денсаулығы мәз емес, өз бетінше жүріп-тұрудың өзі қиын. Қанша ғұмыры қалғанын бір Алла біледі. Қазақ – кеңпейіл, кешірімді халық. Сондықтан қателігі болса да, кешіріммен қарап, адамгершілік танытайық. Денсаулығы сыр беріп, аурумен арпалысып жүрген адамды орынсыз сынап, көрге сүйрегеннен не ұтамыз? Ауыр сөздің де салмағы бар екенін ұмытпайық. Сондықтан Жүрсін ағамыз жайлы осы әңгімені доғарсақ екен», – деп жазды Думан Рамазан әлеуметтік желідегі парақшасында.