$ 471.98
 543.39
 5.82

«Ауғанстанға барыңдар»: Баян Алагөзова тойда тосын «тілек» айтқан азаматқа шүйлікті

Редактор
05.08.2026, 19:08
Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин
Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин
Тойда айтылған бір ауыз сөз елдің талқысына түсті.

Күні кеше Жетісу өңірінде болған тойлардың бірінде ер адам тілек айтудың орнына орынсыз "уағыз" айтып көптің сынына қалған еді. Енді оған өнер жұлдыздары да пікір айтып жатыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Ер адамның сөзіне қатты ашуланғандардың бірі - Баян Алагөзова. Ол бұл жайлы әлеуметтік желіде жазған.

"Мына сақалдыны жауапкершілікке тартады деп үміттенемін. Келесі жолы мұндай адамдардың қолынан микрофонды тартып алып, мүмкіндігінше алысырақ қуып жіберу керек. Сендерге, діни фанатиктерге, қанша рет айту керек? Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және сендердің көнерген діни догмаларыңды таратуға жол бермейміз. Ауғанстанға барыңдар, ол жақта шариғат заңдарымен өмір сүреді", - деп жазды продюсер.