Лагерьдің алтыншы күні Robotics Day тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар робот құрастыру және бағдарламалау негіздерін меңгерді. Қатысушылар криптография, робот қозғалысы, ақылды роботтар және командалық басқару бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады.
Жетінші күні өткен Eco Day барысында балалар экологиялық мәселелерді зерттеп, су сапасына талдау жүргізді, күн энергиясының мүмкіндіктерімен танысты және «Ақылды қала» жобалары бойынша жұмыстар әзірледі.
Innovation Day аясында оқушылар LEGO Education конструкторлары арқылы түрлі модельдер құрастырып, инновациялық технологиялармен танысты. Сонымен қатар виртуалды шындық элементтерін пайдаланып, шығармашылық жобаларын ұсынды.
Тоғызыншы күні өткен Project Day барысында қатысушылар Smart Farm және Smart Home бағыттары бойынша STEM жобаларын әзірлеп, өз жұмыстарын қорғады. Бұл кезеңде балалар жобалау, модельдеу және көпшілік алдында таныстыру дағдыларын жетілдірді.
Лагерьдің қорытынды күні Smart Fest мерекесімен аяқталды. Бағдарламада ғылыми шоу, роботтар жарысы және түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар марапатталып, сертификаттармен наградталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, №112 мектепте өткен SMART BALA жазғы лагері оқушылардың ғылым мен технологияға қызығушылығын арттырып, шығармашылық және инженерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берген маңызды білім беру алаңына айналды.