Елордада ІІ дүниежүзілік соғыстың ардагері Рзағұл Байкешевті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Рзағұл Байкешев 1923 жылдың 18 қарашасында Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында өмірге келген. 17 жасында Қарулы Күштер қатарына қосылған. Ол Ресейдің Калинин облысында, Рыжов және Великий Луг қалалары маңындағы шайқастарға қатысты. Польша, Румыния, Венгрия елдерін азат етуге атсалысты. Ұрыс даласында жүріп ефрейтор шенін иеленді.
Айта кетейік, ол ерлігі мен батырлығы үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Маршал Г. К. Жуков» атындағы медальмен марапатталған.