Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жұбайы, жас әнші Ермахан Аймахан тыңдармандарына жаңа туындысын ұсынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Өнерпаз бұл туралы Instagram парақшасында хабарлап, әннің барлық танымал музыкалық платформаларда қолжетімді екенін мәлімдеді.
Жаңа туындыны әлеуметтік желі қолданушылары мен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жылы қабылдады. Олар Ермахан Аймаханға шығармашылық табыс тілеп, әннің сәтті шығуына тілектестік білдірді.
Пікір қалдырған оқырмандар жас өнерпаздың шығармашылығына қолдау көрсетіп, Ермахан мен Раушанға отбасылық бақыт тіледі.
«Жаңа әніңіз сәтті болсын», «Шығармашылығыңыз өрге бассын», «Жарасымды жұпсыздар» деген пікірлер жазылды.