Қоғам

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

11:44, 11 шілде 2025 20

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы Нұрислам Ақылбеков өлі табылды, деп жазады bairaqmedia.kz.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Құтқарушылар мәйіт табылған орынға жедел түрде аттанып, тасымалдау жұмыстарын бастады. Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 6 шілде күні сағат 11:46-да Төтенше жағдайлар департаментіне 2007 жылғы азаматтың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Оның ағасының айтуынша, жасөспірім 2 шілдеде тауға кетіп, қайтып оралмаған.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ РЖҚЖ мен ТЖД-ның 44 құтқарушысы, 109 Құтқару қызметі, шекара қызметі мен полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ 8 техника, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты, дрондар, 4 ит және ҚР ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз