Алматы облысында ұн зауытындағы жойқын жарылыстан зардап шеккендердің бәрі қаза тапты. Дәрігерлер 4 ер адамды да аман алып қала алмапты деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Марқұмдардың үшеуінің денесінің жартысын, тағы біреуінің 70 пайызын күйік шалған. Марқұмдар 50 мен 60 жас аралығындағы апталдай азаматтар.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер Қарасай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді:
Ер адам, 1976 ж.т. — денесінің 70% күйік шалған, 2025 жылғы 25 мамырда ауруханада көз жұмды;
Ер адам, 1972 ж.т. — денесінің 50% күйік шалған, 2025 жылғы 26 мамырда ауруханада көз жұмды;
Ер адам, 1976 ж.т. — денесінің 50% күйік шалған, 2025 жылғы 26 мамырда ауруханада көз жұмды;
Ер адам, 1966 ж.т. — денесінің 50% күйік шалған, 2025 жылғы 27 мамырда ауруханада көз жұмды, - делінген Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, өткен жұмада Жібек жолы ауылындағы ұн шығаратын цехта жойқын жарылыс болған еді. Оның арты алапат өртке ұласып, мың жарым шаршы метрге тарта аумақ күлге айналған. Төтенше жағдай қызметкерлері 1 жұмысшыны құтқарып қалыпты. Жарылыс себебі әлі белгісіз.