Алматы облысында Қайрат – Байсерке аралығындағы теміржолда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес, теміржолда жатқан адамды байқаған машинист пойызды шұғыл тоқтатқан.
2025 жылғы 7 мамырда сағат 20:52-де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның теміржолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Оқиға құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белгіленген тәртіппен тексеріліп жатыр.