Aктриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына ой салып, ішкі жан дүниесіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі өмірінде түрлі жағдайларды бастан өткергенін меңзеп, көп нәрсені іште сақтап жүргенін жасырмады.
"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер "осындай жағдайлар болған" деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе болса да ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. "Ойй, бұл - пысық, тірлігі бар" деп. Пысықтардың да, жүрегі бар. Тек құрбан болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аянышты күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне біздегі стереотип - жалқауларға жан ашу. Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы мен киноның желісі өмірдегідей болсыншы деймін. Мұндай әр үйде, тіпті шетелдегі отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру - басты мақсатым", – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына пікір қалдырып, қолдау білдіріп жатыр.