$ 475.38
 547.73
 5.93

«Ағаларым бұлай сөйлемеуші еді»: Тойдағы тілек Роза Әлқожаның ашуын тудырды

Редактор
04.08.2026, 11:41
Коллаж: bairaqmedia.kz
Коллаж: bairaqmedia.kz
Әнші өзіне буллинг жасалғанын айтты.

Танымал әнші Роза Әлқожа өзі қатысқан тойда ән шырқаймын деп, келген қонақтың бірінен сөз естіп қалды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Той үстінде тілегін діни сөзбен бастаған азаматтың видеосын әнші әлеуметтік желіде жариялады. Оның жазбасынан ашулы екенін аңғару қиын емес.

«Біздің Жетісай бұрыннан имандылық пен дәстүрдің мекені. Үлкен жиын болмаса жай отырыста онсыз да ер мен әйел бөлініп отырады. Қанша тапса да қанағат тұтатын, қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжай ел. Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел.  Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе? Кезінде пайғамбарымыз с.ғ.с Айша анамызға ән салдырған деген сөзді мына кісі естімеген бе? Сонда кейбіреулер дін деп  осынша төмендеп, басқа ағымға еріп кеткен бе? Төркінге барып тұрған қызға менің ағаларым бұлай сөйлемеуші еді, қайдан келген қырт? Кім біледі? Жетісай әкімшілігі ішкі саяси, діни ахуалды бақылайтын ешкім жоқ па?», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол бұл әрекетті жауапсыз қалдырғысы келмейтінін мәлімдеді.

«Маған жасаған буллинг үшін жауап бола ма? Жеке басқа тиісу, қорлау бойынша қандай бап бар?  Заңгерлер болса жаза отырыңыздар! Ал, мұсылманда ше? Мұсылманның көңілін қалдыру қағбаны қиратқанмен тең деуші еді?! Төркінге барып тұрған қызбын. Алыстан келіп тұрған жолаушымын. Ілім қонған елдің ұрпағымын. Мен кешкенмен аруақ кеше ме? Той иесінің арнайы шақырған сыйлы қонағымын. Пәтуасын сіздер айтыңыздар!», – деді әнші халыққа қарата.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау