$ 466.08
 538.56
 5.65

«Абайды Абай қылған Құнанбайдың малы»: Айдарбек Қожаназаров даулы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Редактор
11.08.2026, 14:07
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Желді А. Қожаназаровтың сөзі қызу талқыланып жатыр.

Теледебатта айтылған сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров өз сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Автордың айтуынша, қоғамда оның сөзіндегі «мал» ұғымына ғана назар аударылып, негізгі ой ескерусіз қалған.

«“Абайды Абай қылған Құнанбайдың малы” деген бір ауыз сөзім үлкен пікірталасқа айналыпты. Біреулер сөздің мәніне емес, “мал” деген бір сөзге жармасып жатыр екен. Ендеше, Абайдың өзіне жүгінейікші», – дейді Айдарбек Қожаназаров.

Ол Абайдың қазақ қоғамын түзету туралы айтқан пікіріне назар аударып, ұлы ойшыл білім мен ағартушылыққа жағдай жасау үшін билікпен қатар ауқымды қаржы қажет екенін айтқанын алға тартады.

Абай өз сөзінде: «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек», – дей келе, оның біріншісі ретінде елге ықпал ете алатын билікті, екіншісі ретінде «есепсіз бай» болуды атайды. Ақынның пайымынша, дәулет білім алуға, жастарды түрлі ғылым жолына бағыттауға мүмкіндік беретін құрал болуы тиіс.

Партия төрағасы осы ойды негізге ала отырып, Құнанбайдың дәулеті Абайдың бойындағы талантты қалыптастырмағанымен, оның білім алып, сол қабілетін дамытуына мүмкіндік бергенін атап өтеді.

«Мал – мақсат емес, мүмкіндік. Дәулет – ақыл емес, бірақ ақылдың біліммен шыңдалуына жол ашатын құрал. Құнанбайдың дәулеті Абайға талант берген жоқ. Бірақ сол таланттың ашылуына қажетті білімге, ортаға, мүмкіндікке жол ашты», – деп жазады ол.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау