$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.4

«12 жыл шыдадым»: Алтыншаш Жағанова отбасылық өмірінің шындығын айтты

Редактор
19.11.2026, 11:45
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Жазушының бұрынғы жары ата-анасының абыройын ойлап, отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтқан

Белгілі жазушы Асқар Сүлейменовтің бұрынғы жары Алтыншаш Жағанова қаламгермен өткізген 12 жылдық отбасылық өміріндегі қиындықтарды ашық айтқан, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Алтыншаш Жағанова жазушының талантын мойындағанымен, оның отбасына жеткілікті көңіл бөлмегенін жеткізген.

«Асқар Сүлейменовпен 12 жыл отастым. Өте қиын болды. Мен жұмысқа кеткенде ол ұйықтап жатады, келгенде үйде болмайды. Таң ата келеді. Отбасы, балалары не ішіп, не киіп жатыр, шаруасы жоқ. Шыдап бақтым. Талантты жазушы екенін мойындасам да, отбасын құратын азаматтың қатарынан емес», – деген ол.

Жазушының бұрынғы жары ата-анасының абыройын ойлап, отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтқан.

«"Қайтып келген қыз жаман" деген атқа ие болғым келмеді. "Бәрі дұрыс болып кетер" деген үмітпен жүре бердім», – деп еске алған Алтыншаш Жағанова.

Кейін ол жазушы Әнес Сараймен шаңырақ көтерген. Алайда бұл шешімін айналасындағылардың бәрі бірдей қолдамаған.

«"Бәрекелді!" дегендер аз болды. Көбі біртүрлі қарады. "Асқардың әйелін алды" деп Әнекеңді жазғырғандар болды», – деген ол.

Алтыншаш Жағанова өміріндегі ең үлкен бақыты Асқар Сүлейменовтен туған екі баласы – Қарагөз бен Әлішер екенін атап өткен.