Жетісу облысында блогер Данияр Бейісқали қоқыс арасынан тауып алған елтаңбаны үйіне іліп қойғаны үшін 216 мың теңге айыппұл салынғаны айтылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ол төрт жыл бұрын елтаңбаны қоқыстан тауып алып, тазалап, үйіне іліп қойған.
Бұл жағдайға қатысты полиция пікір білдіріп, Ақсу ауданы әкімдігінен мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдаланбауға байланысты шағым түскенін хабарлады.
Тексеру барысында аудан тұрғыны анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған. Полиция мемлекеттік рәміздер заңмен ерекше қорғалатынын еске салып, оларды тек белгіленген тәртіппен пайдалануға болатынын айтты.