Орталықтың құрылысы барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты. Атап өтсек, қазақтың тазы және төбет ит тұқымдарын жаңғыртуға арналған бұл кешеннің Қазақстанда және ТМД елдерінде баламасы жоқ, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Өңір басшысы орталықта салынған нысандарды аралап көрді. Мұнда 23 әкімшілік ғимарат орналасқан: жатақхана, гараж, жем дайындайтын ас үй, ветеринарлық клиника және иттерді ұстайтын үй-жайлар бар. Сондай-ақ иттерге арналған жүгіру жолағы, ат қора және тазы мен төбеттерді аңшылыққа, салт атты адаммен еріп жүруге үйрететін жабық манеж қарастырылған.
Бүкіл кешен бүгінгі күнге іс жүзінде дайын, инженерлік желілер тартылған, қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда нысанда 100 адам жұмыс істеп жатыр, — деді мердігер ұйымның басшысы Рахмет Медет.
Белгілі болғандай, орталықта ит өсіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілмек. Мұнда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған ғылыми орталық жұмыс істеп, алдын ала мәлімет бойынша 50 тазы, 50 төбет тұқымды ит ұсталады.
Атап өтсек, жобаны қаржыландыру «Астана-20» қорының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.