25 қыркүйек күні таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында қайғылы жағдай болып, жеке тұрғын үйде шыққан өрттен үш бірдей бала мерт болды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы HALYQSTAN арнасы жазды.
Төтенше оқиға барак үлгісіндегі жеке үйде орын алған. Жалын шыққан сәтте анасы 13 жастағы баласымен бірге сыртқа шығып үлгергенімен, қалған үш сәби отқа оранған үйдің ішінде қалып қойған.
Қаза тапқан балалардың бірі небәрі 1 жаста болса, екеуі 6 және 8 жаста болған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру барысында үш баланың жансыз денесін алып шықты.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын бастады.