Бүгін, 12 маусымда Жетісу облысының аумағында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облысының жедел штабына сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру.
Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына енгізілуі мүмкін уақытша шектеулерді ескеруге шақырамыз.