Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Редактор
14.03.2026, 16:29
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жетісу облысында бочча спорт түрінен ашық республикалық турнир басталды. 

Елдің әр өңірінен келген спортшылар шеберліктерін сынап, өзара мықтыны анықтауда, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қазіргі таңда жарысқа 61 спортшы қатысуда. Турнирге Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Жетісу облыстарынан командалар келген.

Турнирдің ашылу салтанатына Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы, Жетісу облысының Бочча федерациясының президенті Гүлнар Тойлыбаева, Қазақстан Республикасының Бочча федерациясының вице-президенті Айнур Нурхожаева, Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, тұңғыш «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Елдос Баялышбаев, облыс әкімінің әлеуметтік сала бойынша кеңесшісі Роза Акжаркенова, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағдарламаларын үйлестіру басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев қатысты.

Айта кетейік, турнир ерекше қажеттіліктері бар спортшылардың шеберлігін шыңдауға және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға бағытталған. Жарыс барысында қатысушылар жүлделі орындар үшін тартысты бәсекеде бақ сынайды.

Бочча спорт түрінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Қуаныш Асқарбеков мұндай турнирлердің маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл жарыс спортшыларға өзара тәжірибе алмасуға және шеберліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай республикалық турнирлер бочча спортын дамытуға үлкен серпін береді, - деді ол.