$ 473.59
 544.68
 5.94

Әзербайжанда жер сілкінісі болды

Редактор
02.08.2026, 11:07
Фото: оxu.az
Фото: оxu.az
Әзербайжанның Лерик ауданында жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 15:31-де тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,6 балды құрады. Жерасты дүмпуінің ошағы 24 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сондай-ақ жерасты дүмпулері Ленкоран ауданында да сезілгені хабарланды.