Астанада автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Астанада маршруттық автобус пен Toyota маркалы жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota жүргізушісі Республика даңғылында оңға бұрылу кезінде қоғамдық көлікке жол бермей, Iveco автобусымен соқтығысқан.
Апат салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алды. Олар қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.