$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Жанжалдан кейін көліктен секіріп кеткен қыздың өзі жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Редактор
28.09.2026, 10:08
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Оқиға 27 қыркүйекте Көкшетау қаласында болған

Көкшетауда жүріп келе жатқан көліктен түсіп кеткен қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға салдарынан ол дене жарақатын алған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оқиға 27 қыркүйекте Көкшетау қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen автокөлігі қозғалыста келе жатқан кезде жүргізуші мен көліктегі қыздың арасында сөзге келіспеушілік туындаған.

Жанжал кезінде қыз жүріп келе жатқан көліктен түсіп кеткен. Салдарынан ол дене жарақатын алған.

Оқиғаға қатысты ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция түсініктеме берді.

«Аталған дерек Көкшетау қаласы полиция басқармасында тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция басқармасы.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау