$ 460.8
 541.21
 6.13

Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі шықты

Редактор
27.04.2026, 16:42
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Сот шешімімен Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сот шешімімен Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оған сондай-ақ пробациялық бақылау белгіленді.

Астанада өткен сот отырысында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкіміне сәйкес, Ерболат Жанабыловқа:

214-бап бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу,
218-бап бойынша – 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды сіңіру жолымен түпкілікті жаза ретінде 2 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу белгіленді.

Сонымен қатар, ҚК-нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес бұл жаза шартты деп танылып, Жанабыловқа пробациялық бақылау белгіленді.