Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау қазақстандықтарды елдегі кемшіліктерді сырттан сынай бермей, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Кәсіпкердің пікірінше, кез келген елде шешімін күткен мәселе бар. Алайда тек кемшілікті айтып, сынаумен шектелмей, әр адам «еліме қандай пайда тигізе аламын?» деген сұраққа жауап іздеуі керек.
«Сыртта жүріп те, елдің ішінде жүріп те өз еліңді жамандау дұрыс емес. Жақсы болса да, жаман болса да, Қазақстан – сенің елің. Сондықтан жамандағанша, өзің сол жерін түзетуге тырыс», – дейді Сырымбек Тау.
Ол шетелде тұрып Қазақстанды сынайтын азаматтар да, ел ішінде жүріп үнемі кемшілік іздейтіндер де бар екенін атап өтті. Кәсіпкердің сөзінше, Қазақстан баршаға ортақ болғандықтан, оның жақсы жағын көріп, дамуына қолдан келгенше үлес қосу маңызды.
«Бұл ел бәрімізге ортақ. Сондықтан оны жақсарту үшін ең алдымен жақсы жағын көре білуіміз керек», – деді кәсіпкер.
Сырымбек Тау осылайша елдегі өзгерісті өзгеден күтпей, әр азамат өзінен бастап, қоғамға нақты пайда келтіруге ұмтылуы қажет деген ойын жеткізді.