$ 464.53
 543.73
 6.15

«Жақын арада нәтиже болуы мүмкін»: Жәнібек Савельев жүрекжарды жазбасымен бөлісті

Редактор
06.05.2026, 09:00
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Оның айтуынша, анасын іздеу ұзаққа жалғасуы мүмкін, алайда кейбір үміт сыйлайтын деректер де пайда болған.

Шетелдіктер асырап алған қазақстандық Жәнібек әлеуметтік желіде жазба жариялап, туған анасын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның сөзінше, ол бұл істі жалғыз емес, бірқатар жанашыр азаматтармен бірге жүргізіп келеді.

«Бұл – мен үшін өте маңызды, жүрекжарды жаңалық. Біз Қымбат Досжан, Мейір халық заңгері және тағы да көптеген жақсы адамдармен бірге анамды іздеуді жалғастырып келеміз», – деп жазды ол.

Жәнібек іздеу жұмыстарының нақты қанша уақытқа созылатыны белгісіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, процесс ұзаққа жалғасуы мүмкін, алайда кейбір үміт сыйлайтын деректер де пайда болған.

«Бұл іздеу әлі қанша уақытқа созылатынын білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада нәтижесін берер. Соңғы уақытта біз үміт сыйлайтын көптеген іздерге кезіктік», – деді ол.

Сондай-ақ ол күн сайын анасын ойлайтынын жеткізіп, өзіне қолдау білдіріп жүрген жандарға алғысын білдірді.

«Біліп жүріңіздер, мен күн сайын сіздердің әрқайсыңызды да, анамды да ойлаймын. Барлығыңызға тек жақсылық тілеймін», – деп түйіндеді Жәнібек.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау