$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.3

Жағаға шықпай, досын іздеген: Каспийден аман қалған сарбаз туралы не белгілі?

Редактор
25.09.2026, 10:41
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Каспийдегі қасіреттен аман қалған сарбаз туралы тың дерек шықты

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірінің ата-анасы сол күні болған жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады  Вairaqmedia.kz.

Маңғыстау облыстық ауруханасының алдында тілшілерге сұхбат берген ата-ананың сөзінше, олардың ұлы теңізден өз күшімен жүзіп шыққан. Алайда жағаға бірден бет алмай, су ішінде қалған қарулас досын іздеп, оны құтқаруға әрекет жасаған.

Туыстарының айтуынша, сарбаз шамамен жарты сағат бойы досын іздеген, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қайғылы оқиғадан үш әскери қызметші аман қалған. Солардың арасында ауруханаға жатқызуды қажет еткен жалғыз сарбаз — осы әскери қызметші.

Қазір ол Маңғыстау облыстық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.

Посмотреть в Threads

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау