Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ұйым ережесіне сәйкес, чемпион титулын тоғыз ай ішінде қорғауға міндетті. Жәнібекке бұл талапты орындаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 4 шілде еді.
Бұған қоса, IBF ұйымы бұған дейін WBO қабылдаған шешімге ұқсас түрде Әлімханұлын бір жылға — 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін жарыстардан шеттетті. Осыған байланысты ол титулды қорғай алмағандықтан, чемпиондық белбеу иесіз қалды.
Қазіргі таңда Әлімханұлының еншісінде тек WBO чемпиондық атағы қалды. Ұйым қаулысына сәйкес, қазақстандық боксшы оралған бетте уақытша чемпионмен жекпе-жек өткізуі тиіс.