Мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында жүргізілген іс-шаралар аясында үш қалада мал соятын 13 заңсыз цех табылдыі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 11-31 наурыз аралығында кезекті рет республикалық кең ауқымды «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. 21 күндік операция барысында 54 мыңнан астам мал тасымалдаған автокөлік, 17 мыңнан астам сатып алу орындары, 28,5 мың шаруа қожалығы және фермалар тексерілді.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 13 заңсыз мал сою цехтары анықталды. Полиция мал ұрлығына 131 адамның қатыстылығын анықтады. Сонымен қатар 26 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Жалпы мал ұрлығының 135 дерегі ашылып, 580-нен астам жануар иелеріне қайтарылды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Алматы облысында мал ұрыларының екі тобы ұсталды. Олардың бірі жергілікті тұрғындардан 16 ірі қара малды ұрлап, 11 қылмыс жасаған. Ал екінші қылмыстық топ 9 ұрлық жасап, 103 бас ұсақ малды қолды еткен.
Сонымен қатар Жамбыл облысында жергілікті тұрғындардан 28 жылқы ұрлап әкеткен үш адамнан тұратын топ ұсталды. Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл мал ұрлығы 26%-ға пайызға төмендеді.