Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына қайта тағайындады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысының тиісті жарлығы 18 қыркүйекте жарияланды.
Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны 2024 жылғы 1 сәуірден бері басқарып келеді. Бұған дейін ол 2022–2024 жылдары Қазақстанның Премьер-министрі қызметін атқарған.
Сонымен қатар Президент жарлығымен Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.
Бұған қоса, Эльвира Әзімова да Конституциялық сот төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Осылайша, 18 қыркүйекте үш мемлекеттік органның басшысы бұрынғы қызметтерінде қалды.